«OneVision» ЖШС-ның жеке тұлғаларға OneVision жүйесі арқылы төлем жасау кезінде өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған төлемдік және ақпараттық-технологиялық қызметтер көрсету туралы жария офертасы
-
Терминдер мен анықтамалар
- Серіктес-банк — ақша қаражатын аудару бойынша жауапты болып табылатын, Төлем ұйымымен жасалған шарт негізінде Ақы төлеу бойынша Есеп айырысуды жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
- Шарт — Жария оферта талаптарында Төлеуші мен Төлем ұйымы арасында жасалатын жеке тұлғаларға OneVision жүйесі арқылы төлем жасау кезінде өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған төлемдік және ақпараттық-технологиялық қызметтер көрсету туралы шарт.
- Төлем құралын пайдалану туралы шарт — Эмитент пен Төлеуші арасында жасалған шарт, оған сәйкес Эмитент Төлем құралын ұсынды, ал Төлеуші оны пайдаланады.
- КЖ/ТҚҚ туралы Заң және НҚА – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009.08.28 № 191-IV Заңы, соның ішінде Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ саласындағы барлық нормативтік құқықтық актілері.
- Тыйым салынған тауарлар — Мерчант өткізетін және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзатын Мерчанттың қызметіне байланысты тауарлардың/жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің түрлері, оның ішінде:
- тауарлар/жұмыстар/сатумен байланысты қызметтер, оның ішінде Мерчанттың қаруды, атыс және жарылыс қаупі бар заттар мен құралдарды; есірткі, психотроптық, улы, зәрлі және радиоактивті заттарды; адамдардың органдары мен тіндерін; тиісті лицензиясыз алкоголь және темекі өнімдерін; тиісті лицензиясыз құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу қызметтерін; жыныстық сипаттағы, сондай-ақ жалпы қабылданған мораль мен адамгершілік нормаларына қайшы келетін қызметтерді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымда тыйым салынған немесе шектелген өзге де тауарлар/жұмыстар/көрсетілетін қызметтер.
- Ақы қабылдау туралы сұрату — Мерчантқа Ақы қабылдау мүмкіндігі туралы және/немесе Серіктес-банкке Төлеушінің берген Өкімі негізінде Төлем ұйымы Жүйе арқылы қалыптастыратын Ақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргізу мүмкіндігі туралы сұрату қамтылған электрондық хабарлама.
- Ақпараттық-технологиялық қызметтер — төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша ақпарат жинау, өңдеу және Есеп айырысуға қатысушыларға тарату бойынша қызметтер көрсетуді қоса алғанда, Есеп айырысуға қатысушылар арасындағы ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызметтер.
- Ақпараттық алмасу — Қызметтерді көрсету шеңберінде Жүйе арқылы жасалатын электрондық хабарламалармен (құжаттармен) алмасу кезінде Есеп айырысуға қатысушылармен ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылға бағытталған Төлем ұйымыының іс-әрекеттері.
- Түбіртек — белгіленген нысандағы, оның ішінде Төлеушіге Қызмет көрсетуді растайтын электрондық нысандағы құжат және Ақы төлеу параметрлерін қамтитын Шарт жасасу фактісі. Түбіртекті Төлем ұйымы Төлеушіге Қызмет көрсеткеннен кейін Жүйенің сСйты арқылы Төлеушіге береді.
- Төлем ұйымы — төлем қызметтерін жеткізуші болып табылатын және осы Шартта жазылған талаптарда Жүйе арқылы Есеп айырысуға қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-технологиялық қызметтер көрсететін «OneVision» ЖШС, БСН 210240024671, орналасқан жерінің мекенжайы: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 280-ғимарат.
- Халықаралық төлем жүйесі (бұдан әрі – ХТЖ) — осы жүйенің төлем құралдарының бірыңғай стандарттарын пайдалана отырып, әртүрлі елдердің банктері арасындағы есеп айырысу жүйесі.
- Мерчант — тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді сату бойынша коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу үшін Төлеушінің Төлем құралын төлеуге қабылдайтын заңды тұлға не жеке кәсіпкер.
- Жарамсыз ақы — ХТЖ ережелеріне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарамсыз деп танылған операция.
- Қайтару операциясы —Төлеуші мен Мерчант арасында жасалған шарт шеңберінде төленген қызметтерді көрсету міндеттемелерін Мерчант тиісінше орындамаған жағдайда немесе Эмитентке карт-шотынан ақы төленген Төлеушінің осы карт-шоттан қызмет ақысын төлеуге ақшаның заңсыз есептен шығарылғаны туралы өтініші түскен жағдайда даулы транзакция сомасын Төлеушіге қайтару қажеттілігі туралы Эмитенттің талабы.
- Ақы төлеу — қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қолданылатын нысандары шеңберінде Төлем құралын пайдалана отырып, Төлеуші Эмитентке берген ақшалай қаражатты Төлеушіден қабылдау, Төлеушінің Ақысын қабылдау туралы сұратуды ұсыну және кейіннен Ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатында ақша қаражатын Мерчанттың есеп шотына аудару бойынша іс-әрекеттерді қамтитын Өкімді орындауға бағытталған Серіктес-банктің іс-әрекеттері. Төлем ұйымы Ақының қабылданғаны туралы Растауды жіберген сәттен бастап Ақы қабылданған болып саналады және түпкілікті және қайтарылмайтын болады. Ақы Серіктес-банк Ақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізген кезде аяқталған болады.
- Ақы төлеу параметрлері — Ақы төлеу сомасын, Мерчантың атауын және төлем деректемелерін, Төлеуші Ақы төлегесі келетін Төлем құралын қамтитын Төлем парақшасында Төлеуші көрсететін ақпарат, сондай-ақ Есеп айырысуларға қатысушылар мен Төлем ұйымына өзінің есептік жүйелерінде Ақыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де ақпарат.
- Төлем парақшасы — Төлеушіге Ақы төлеу параметрлерін көрсетуге, оның ішінде Төлем құралын таңдауға, Өкімді жасауға және Төлем ұйымына жіберуге, Эмитент үшін Өкімді жасауға мүмкіндік беретін арнайы қорғау құралдарымен қорғалған Жүйенің Сайтындағы немесе Мерчанттың сайтындағы арнайы парақша.
- Төлем қызметі — «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 9-тармақшасына сәйкес Төлеуші электрондық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті ақпарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер.
- Төлем құралы — банк картасы (VISA International, MasterCard Worldwide және басқа да халықаралық төлем жүйелері) немесе төлемді және/немесе ақша аударымын жасауға, төлемді және/немесе ақша аударымын жүргізуге бастама жасауға, сондай-ақ өзі мен электрондық төлем құралының эмитенті арасындағы шартта көзделген өзге де операцияларды жүзеге асыруға өкілеттігі бар Төлеушіге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын өзге электрондық жеткізгіш.
- Ақы қабылдаудың растамасы — Мерчанттан алынған Ақы қабылдау мүмкіндігі туралы растаманың және Серіктес банктен алынған Ақы төленгені туралы растаманың негізінде Төлем ұйымы Жүйе арқылы жасақтайтын, Мерчанттың Ақыны қабылдағаны туралы растаманы қамтитын электрондық құжат. Мерчант көрсетілген Ақы төлеу параметрлеріне сәйкес Мерчанттың есептік жүйесінде Ақыны сәтті сәйкестендіру шартымен Ақыны қабылдау мүмкіндігі туралы растау жібереді.
- Төлеуші — Қазақстан Республикасының заңнамасына және Эмитентпен жасалған шартқа сәйкес Эмитенттегі өзіне тиесілі ақша қаражаты есебінен төлемдер мен ақша аударымдарын жасау үшін ЭТҚ пайдаланатын жеке тұлға.
- Жария оферта — «OneVision» ЖШС-ның жеке тұлғаларға OneVision жүйесі арқылы төлем жасау кезінде өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған төлемдік және ақпараттық-технологиялық қызметтер көрсету туралы жария офертасы.
- Өкім — Төлем ұйымынң атына Төлеушінің Төлем құралын пайдалана отырып Ақы төлеуге өкімін (тапсырмасын) қамтитын, Төлеуші Жүйенің Сайтында немесе Мерчанттың сайтында жасаған және Жүйе арқылы Серіктес банкке берілген электрондық құжат. Эмитенттің Өкімді қабылдау және орындау тәртібі Төлем құралын пайдалану туралы шартта белгіленеді және Оферта талаптарында жасалатын шарттың мәні болып табылмайды.
- Ақы төлеу бойынша есеп айырысу — Серіктес банк пен Төлем ұйымы арасында жасалған тиісті шартта белгіленген тәртіппен және талаптарда Серіктес банктің Эмитенттермен, Мерчанттармен жасалған Ақы төлеу бойынша есеп айырысуға бағытталған іс-әрекеттері.
- Жүйенің Сайты — Төлеушінің Жүйеге қолжетімділігін қамтамасыз ететін интернет желісіндегі https://onevision.kz web-сайты.
- Қолжетімділік сертификаты — Мерчант Жүйеге кіру және операцияларды жүргізу үшін пайдаланатын жария және жеке шифрлау кілттерінің бірегей комбинациясы. Қолжетімділік сертификаты үшін деректер Мерчантқа Жүйегее тіркелген кезде беріледі.
- OneVision жүйесі (бұдан әрі — Жүйе) — Техникалық хаттаманы пайдалана отырып, Ақы төлеу кезінде төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша ақпарат жинау, өңдеу және Есеп айырысуға қатысушыларға тарату бойынша қызметтер көрсетуді қоса алғанда, Есеп айырысуға қатысушылар арасындағы ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Төлем ұйымының бағдарламалық-техникалық құралдарының жиынтығы.
- Электрондық төлем құралы (ЭТҚ) — Төлеушінің Эмитент пен Төлеуші арасында жасалған шартқа сәйкес Эмитенттегі өзіне тиесілі ақша қаражаты есебінен төлемдер мен ақша аударымдарын жасауға арналған қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құралы (төлем карточкасы, электрондық әмиян немесе өзге де электрондық жеткізгіш).
- Тараптар — бірге аталған кезде Төлем ұйымы мен Төлеуші.
- Техникалық хаттама — бір компьютерлік бағдарламаның басқа бағдарламамен өзара әрекеттесу тәсілдерін сипаттайтын API хаттама.
- Қызметтер — төлемдік және ақпараттық-технологиялық қызметтер.
- Құрылғы — Төлеушінің интернет желісіне кіруін қамтамасыз ететін, Төлеуші пайдаланатын кез келген техникалық құрылғы (компьютер, ұялы телефон және т.б.).
- Есеп айырысуға қатысушылар — бірге аталған кезде Серіктес банк, Төлеуші, Мерчант.
- Электрондық құжат — Төлеуші электрондық нысанда жасаған және Төлем ұйымына Жүйе арқылы берген өкім және/немесе авторизациялауға сұрату; және/немесе Ақы қабылдау туралы сұрату; және/немесе Түбіртек, не Төлем ұйымы электрондық нысанда жасаған Жүйе арқылы Есеп айырысуға қатысушыларға берген өзге де құжат. Термин Электрондық құжаттың түрін арнайы көрсетуді талап етпейтін жағдайларда қолданылады.
- Эмитент — төлем қызметтерін жеткізуші болып табылатын заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті, оның ішінде ЭТҚ-ны пайдалана отырып билік етуге болатын Төлеушінің ақшасын есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын Банк.
Шарттың мәні. Шарт жасасу тәртібі
- Осы «OneVision» ЖШС-ның жеке тұлғаларға OneVision жүйесі арқылы төлем жасау кезінде өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған төлемдік және ақпараттық-технологиялық қызметтер көрсету туралы жария офертасы (бұдан әрі – Оферта) Төлеуші-жеке тұлғаларға арналған және Төлем ұйымының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес шарт жасасуға ресми жария ұсынысы болып табылады. Төлеуші Офертада көзделген және Төлеушінің Офертаның барлық талаптарын қосылу шарттарында қандай да бір алып қоюсыз немесе шектеулерсіз сөзсіз қабылдауын білдіретін іс-әрекеттер жасаған сәттен бастап Шарт жасалған болып есептеледі және күшіне енеді.
- Оферта Қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды, сондай-ақ Қызметтер көрсетуге және Шарт жасасуға байланысты туындайтын Тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.
- Тараптар арасындағы Шарт Төлеушінің Офертаны акцептеуі арқылы жасалады. Төлеушінің Офертаның 4.1-тармағына сәйкес Төлем құралын пайдалана отырып Ақы төлеуге бағытталған іс-әрекеттерді жасауы Офертаны Акцептеу болып табылады. Төлеушінің Жүйе Сайтында Төлем құралын пайдалана отырып Ақы төлеуге бағытталған іс-әрекеттерді жасауы Офертаның талаптарымен толық және сөзсіз келісімі ретінде қаралады. Төлеушінің Жүйенің Сайтында Төлем құралын пайдалана отырып Ақы төлеуге бағытталған іс-әрекеттер жасауының әр фактісі Төлеушінің Офертада жазылған талаптарда Шарт жасасу бойынша жеке әрекеті болып табылады.
- Төлеушінің Шарт жасасу бойынша іс-әрекеттері мерзіммен шектелмейді және Офертаның 10-бөліміне сәйкес Офертаны ресми түрде қайтарып алатын сәтке дейін кез келген күні жүзеге асырылуы мүмкін.
- Төлем ұйымы Төлеушіге барлық қажетті ақпаратты оны Жүйенің Сайтында орналастыру арқылы ұсынады, сондай-ақ Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда Шарттың шеңберінде өзіне қабылданған міндеттемелерді орындауға байланысты мәселелер мен талаптарды қарайды.
Жалпы ережелер
- Офертаның 4.1-тармағына сәйкес Төлеуші Төлем ұйымына берген Өкім Қызмет көрсетуді бастау үшін негіз болады.
- Төлем ұйымы Жүйе арқылы Есеп айырысуға қатысушылар арасындағы ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимыл арқылы Өкім Төлем ұйымына келіп түскеннен кейін дереу Қызмет көрсетеді. Ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимыл Есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпаратпен және электрондық хабарламалармен алмасу арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық-технологиялық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Төлем ұйымы олармен жасалатын шарттар негізінде серіктестерді тартуға құқылы.
-
Төлем ұйымы бір мезгілде төмендегі талаптар сақталған кезде ғана Қызметтерді көрсетеді:
- Төлеушінің пайдаланылуы Төлем парақшасында көзделген және оған қатысты Эмитент авторизация берген Төлем құралы бар;
- Төлеушінің құрылғысының Интернетке қажетті техникалық қолжетімділігі бар;
- Төлем ұйымының Жүйеге/Жүйенің Сайтына қолжетімділік беру үшін, оның ішінде Ақы қабылдау туралы сұратуларды жасау және беру мақсатында техникалық мүмкіндіктері бар.
- Ақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргізу үшін Төлем ұйымы Серіктес банкті тартады. Төлем бойынша есеп айырысуды Серіктес банк Қазақстан Республикасының заңнамасына және Серіктес банктің корпоративтік нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
- Төлеуші өзіне тиісінше Қызмет көрсету мақсатында Төлем ұйымына:
- Төлеушінің атынан Қызмет көрсету және Ақы төлеу бойынша есеп айырысу үшін қажетті есеп айырысу құжаттарын жасауды, оның ішінде Жүйе арқылы Серіктес банкке, Эмитентке, Мерчантқа Өкімді беруді;
- Ақы төлеу нәтижелері туралы деректерді Серіктес банкке және Төлем ұйымының басқа серіктестеріне беруді тапсырады.
Қызмет көрсету тәртібі. Ақы қабылдау туралы сұратуды қабылдау және орындау
-
Төлеушіге Жүйе арқылы Төлем құралын пайдалана отырып, Мерчанттың пайдасына Ақы төлеуді жүзеге асыруға бағытталған Қызметтерді көрсету, сондай-ақ Шарт жасасу, Ақы қабылдау туралы сұратуды жасау және Төлем ұйымына беру және Серіктес банкке Өкімді беру мақсатында Төлеуші өз бетінше:
- Төлем парақшасында орналастырылған Офертада белгіленген Қызмет көрсету тәртібі мен ережелерімен, сондай-ақ Төлеушілер мен Мерчанттар арасында жасалған шарттарда белгіленген комиссиялардың мөлшерімен, комиссияларды өндіру тәртібімен және талаптарымен (бұдан әрі – Қызмет көрсету талаптары) танысады; знакомится с размещенными на Платежной странице порядком и правилами оказания;
- Қызмет көрсету талаптарымен келіскен жағдайда, Ақы төлеу параметрлерін көрсете отырып, толтыруға ұсынылған жолдарды толтырады, оның ішінде Төлем құралын таңдайды және Ақы төлеуді жүзеге асыруға өзінің келісімін растайды;
- «Төлеу» батырмасын басу арқылы Қызмет көрсету талаптарымен және Шарт жасасумен өзінің келісімін растайды.
- Өкімді Төлем ұйымына беру Жүйе арқылы Төлем ұйымы, Құрылғы және Төлеуші арасында Ақпараттық алмасу арқылы жүзеге асырылады.
- Төлеуші Мечанттың/Төлем ұйымының Сайтында төлем және/немесе ақша аударымын жүргізуге бастама көтереді.
- Мерчант Техникалық хаттамаға сәйкес электрондық хабарлама жібере отырып, Жүйеде төлем және/немесе ақша аударымын жүргізуге бастама көтереді.
- Мерчант жүйесі Төлеушіні Жүйеге бағыттайды.
- Төлем ұйымы Ақы қабылдау туралы сұратуда көрсетілген Мерчанттың Қолжетімділік сертификаты сәйкес келген жағдайда Ақы қабылдау туралы сұратуды қабылдайды.
- Төлем ұйымы Төлеушіден Өкімді қабылдау фактісі бойынша Жүйе арқылы Серіктес банкке Ақы қабылдау туралы сұратуды жібереді, ал Серіктес банк Эмитентке авторизациялау үшін (Ақы төлеген кезде) сұрату жібереді.
- Эмитент авторизацияны ұсынған жағдайда, Серіктес банк Ақы қабылдау туралы сұратуды мына мерзімдерде: Ақы қабылдау туралы сұрату келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде орындайды.
- Мерчант/Серіктес банк жүргізген Ақыны растау және Төлем ұйымының Қызмет көрсетуі (Төлем ұйымының Ақы қабылдау туралы сұратуды қабылдауы және орындауы) ретінде Төлем ұйымы Жүйе арқылы Түбіртек қалыптастырады және Төлеушіге береді. Төлеуші берілген Түбіртекті Мерчанттан Өкімде көрсетілген деректемелер бойынша Төлемақы сомасының түскені туралы хабарлама алған сәтке дейін сақтауға міндетті. Егер техникалық іркіліс себебінен Түбіртек жасақталмаса және Төлеушіге берілмесе, Төлеуші Қызмет көрсету (Төлем ұйымының Өкімді қабылдауы және орындауы) фактісін растайтын құжатты алу үшін Төлем ұйымының Төлеушілерді қолдау қызметіне жүгінуге құқылы.
- Жүйеде қандай да бір техникалық ақаулар және/немесе Төлем ұйымы пайдаланатын деректерді берудің сыртқы желілерінің жұмысында іркілістер болған кезде, Төлем парақшасында Төлеуші Офертаның 4.1-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаған сәтке дейін тиісті ескерту шығарылады. Егер көрсетілген ескертуге қарамастан Төлеуші Офертаның 4.1-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаса, Төлеуші Төлем ұйымының Қызмет көрсетуі кідіріспен жүзеге асырылуы мүмкін екендігімен және/немесе Төлем ұйымының Қызмет көрсетуден бас тартатынымен келіседі. Төлем ұйымы кідіріспен Қызмет көрсеткен кезде Төлем ұйымы Төлем ұйымына Ақы қабылдау туралы сұратулардың түсу мерзімдері үшін жауап бермейді.
-
Санкцияланбаған төлемдерден қорғану әрекеттерінің тәртібі:
- Қолжетімділік сертификатына сәйкестікке тексеруден өтпеген Ақы қабылдау туралы сұратулар қабылданбайды;
- ХТЖ мен Серіктес банктің ережелеріне сәйкес келмейтін Ақы қабылдау туралы сұратулар қабылданбайды.
-
Төлеушіге Жүйе арқылы Төлем құралын пайдалана отырып, Мерчанттың пайдасына Ақы төлеуді жүзеге асыруға бағытталған Қызметтерді көрсету, сондай-ақ Шарт жасасу, Ақы қабылдау туралы сұратуды жасау және Төлем ұйымына беру және Серіктес банкке Өкімді беру мақсатында Төлеуші өз бетінше:
Қайтару операцияларын жүргізу ерекшеліктері
-
Қайтару операциясы бойынша ақша қаражатын Төлеушіге қайтаруды Төлем ұйымы Серіктес банкті тарта отырып, өтініште көрсетілген тәсілмен мынадай талаптар сақталған жағдайда жүзеге асырады:
- Төлем ұйымына Төлеушінің тиісті Қайтару операциясын жүргізу туралы өтінішінің түсуі;
- Төлем ұйымында Эмитенттің өтініште көрсетілген тәсілмен Төлеушіге Қайтару операциясы бойынша ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы сұратуын қамтитын электрондық құжатты Жүйе арқылы Серіктес банкке жіберудің техникалық мүмкіндігінің болуы;
- өтініште көрсетілген тәсілмен Төлеушіге Қайтару операциясы бойынша ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы растамасы бар Электрондық құжатты Эмитенттен алу;
- КЖ/ТҚҚ туралы заңның және Төлем ұйымының корпоративтік құжаттарының талаптарына сәйкес операцияға және/немесе Төлеушіге қатысты қойылған шектеулердің болмауы.
- Бұл ретте Мерчант Қайтару операциясы бойынша ақша қаражатын Төлеушіге қайтару тәртібі мен тәсілдерін дербес айқындайды. Офертаның 5.1-тармағында көрсетілген тәсілмен Қайтару операциясы бойынша ақша қаражатын қайтармау себебі туралы дауларды анықтау Төлем ұйымы мен Серіктес банктің қатысуынсыз, Мерчант, Төлеуші және Қайтару операциясы бойынша ақша қаражаты қайтаратын Эмитент арасында жүзеге асырылады.
-
Қайтару операциясы бойынша ақша қаражатын Төлеушіге қайтаруды Төлем ұйымы Серіктес банкті тарта отырып, өтініште көрсетілген тәсілмен мынадай талаптар сақталған жағдайда жүзеге асырады:
-
Электрондық құжатпен Ақпараттық алмасудың ерекшеліктері
- Есеп айырысуға қатысушылар арасындағы Ақпараттық алмасу нақты уақыт режимінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
- Электрондық құжаттармен Ақпараттық алмасу уақыты мен күнін, оның ішінде Электрондық құжаттарды жіберу, қабылдау және өңдеу уақыты мен күнін Төлем ұйымы Электрондық құжаттар журналдарында белгілейді.
-
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
- Төлем ұйымы:
- Тиісті Қызметтер көрсету және Шартта көзделген өзге де міндеттемелерін орындау мақсатында Жүйенің және Жүйе Сайтының тәулік бойы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуге;
- Төлеушіге нақты уақыт режимінде Шартта белгіленген тәртіппен және талаптарда, оның ішінде КЖ/ТҚҚ туралы заңның, КЖ/ТҚҚ саласындағы НҚА, Төлем ұйымының КНҚ талаптарының сақталуын ескере отырып Қызметтерді көрсетуге;
- Техникалық мүмкіндік болмаған кезде, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ туралы заңның, КЖ/ТҚҚ саласындағы НҚА, Төлем ұйымының КНҚ талаптарында көзделген жағдайларда Төлеушіге Қызметтер көрсетуден бас тартуға, оның ішінде Өкімдерді қабылдамауға;
- Ақы төлеу бойынша Есеп айырысу үшін жасалған шарт негізінде Серіктес банкті тартуға;
- Шарт бойынша міндеттемелерді орындау кезінде Төлем ұйымына белгілі болған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
- Төлеушінің Өкімде көрсетілген ұялы телефон нөмірін және/немесе электрондық пошта мекенжайын және/немесе өзге де деректемелерді (бар болса) Төлеушіге Мерчанттың/Серіктес банктің Ақы қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзге де ақпаратты, оның ішінде өлем ұйымы ұсынатын басқа да қызметтер туралы ақпаратты қамтитын хабарламаларды беру үшін пайдалануға;
- Офертаның 7.2.3-тармақшасына сәйкес Офертаның өзгергені туралы Төлеушіні хабардар етуге;
- Жүйенің Сайтында Төлеуші Офертаның 4.1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасаған сәтке дейін тікелей қолжетімділік алуы тиіс Офертаны орналастыруға міндетті.
- Шетел валютасында Төлем қызметін көрсету кезінде Төлем ұйымы Төлеушіге қабылданған шетел валютасының сомасы және Жүйеде қолданылатын айырбастау бағамы туралы ақпарат беруге міндеттенеді. Айырбастау бағамы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланған теңгеге қатысты төлем және/немесе ақша аударымы жүзеге асырылатын валютада ақша төлемін және/немесе аударымын жүзеге асыру және Қызметтер көрсету күніне қолданылады.
- Төлем ұйымы:
- Өз қалауы бойынша Ақы төлеу бойынша Есеп айырысу жүргізу үшін тартылатын Серіктес банктердің тізбесін өзгертуге;
- Жүйе арқылы Ақы төлеуге шектеулерді, оның ішінде Төлемақы сомасына біржақты тәртіппен белгілеуге және өзгертуге (ұлғайтуға, азайтуға), Жүйе арқылы Ақы төлеуді жүзеге асыру үшін қолжетімді Мерчанттардың тізбесін, электрондық құжаттардың тізбесін (форматын) Төлеушіге алдын ала хабарлау арқылы, сондай-ақ хабарлаусыз айқындауға және өзгертуге;
- Офертаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Офертаның өзгергені туралы Төлеушіні хабардар етуді Төлем ұйымы Жүйенің Сайтында Оферта өзгерістерінің мәтінін/жаңа редакциясын орналастыру арқылы жүзеге асырады. Офертаның кез келген өзгерістері Төлем ұйымы Жүйенің Сайтында орналастырған күннен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады;
- Төлеушінің алдында үшінші тұлғалардың әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін және Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындағаны үшін жауапты бола отырып, үшінші тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде Шарт бойынша міндеттемелерді орындау құқығын үшінші тұлғаларға беруге;
- Есеп айырысуға қатысушылар мен Төлем ұйымы үшін бақыланбайтын тәуекелдер туындаған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген өзге де жағдайларда белгілі бір Төлем құралдарын пайдалана отырып, жекелеген Мерчантардың пайдасына Ақы төлеу мақсатында Жүйені пайдалануды тоқтата тұруға;
- Алаяқтықтың не Төлеушінің өзге де заңсыз қызметінің, оның ішінде Жарамсыз төлем жасау тәуекелдерімен байланысты ықтимал фактілері туралы негізделген болжамдар болған кезде, даулы жағдай анықталғанға/реттелгенге дейін Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын тоқтата тұруға; мұндай тоқтата тұру Есеп айырысуға қатысушылардың және Төлем ұйымының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, Шартты бұзу болып табылмайды және мүліктік санкцияларды және Төлем ұйымы мен Есеп айырысуға қатысушылар үшін өзге де жағымсыз салдарларды қолдануға негіз бола алмайды.
-
Халықаралық/ үкіметаралық келісімдерде, шетелдік заңнамада, Қазақстан Республикасының заңнамасында, Төлем ұйымының корпоративтік нормативтік құжаттарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша, оның ішінде Төлеуші Жария офертаны және/немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасын ішінара және/немесе тұтастай бұзған жағдайда, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамада, Төлем ұйымының корпоративтік нормативтік құжаттарында көзделген негіздер бойынша,
соның ішінде:
- Төлем ұйымының Төлеушіні тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүзеге асыруы мүмкін болмаған жағдайда;
- Төлеуші күмәнді, ерекше, күдікті операцияларды жүргізген жағдайда;
- егер Төлеуші терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалардың ұлттық тізбесіне енгізілген болса;
- Төлеушіні және/немесе оның операцияларын (осындай операцияны жасау әрекетін, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалып қойған операцияны қоса алғанда) зерделеу процесінде Төлеушінің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдалануына қатысты күдік туындағанда;
- Төлем ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасын, Жария офертаны, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасы нормалары өзгерген жағдайда;
- Төлем ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын бұзу не Төлем ұйымына санкциялар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларын қолдану қатері болғанда;
- Төлеуші Төлем ұйымына құжаттарды және/немесе мәліметтерді беруден бас тартқанда, оларды уақтылы ұсынбағанда және/немесе жарамсыз/дәйексіз құжаттарды/мәліметтерді бергенде не егер құжатта қолдан жасау белгілері болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының және/немесе Төлем ұйымының корпоративтік нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келмейтін нысан/түрі бойынша құжаттар ұсынылғанда;
- нәтижесінде Төлем ұйымында жүргізілетін операция Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Жария оферта белгілеген талаптарға қайшы келеді/оларды бұзады деп пайымдауға негіз болатын өзге де негіздер бойынша біржақты тәртіппен Қызмет көрсетуден және операциялар жүргізуден бас тартуға және Төлеушімен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.
-
Төлеуші:
- Қызмет көрсету талаптарымен, Жария оферта талаптарымен уақтылы және толық көлемде танысуға және оларды сақтауға міндетті. Төлеушінің Жария офертаны алмағанының, сондай-ақ Төлеушінің Жария офертада көрсетілген талаптармен таныспағанының дәлелі ретінде оның Жария офертада қолтаңбасының жоқтығына сілтеме жасауға құқығы жоқ.
- Кейіннен Жарамсыз ақы деп танылған Ақы төлеуге байланысты тәуекелдерді өзіне қабылдауға міндетті. Ақы Жарамсыз ақы деп танылған жағдайда Төлеуші Төлем ұйымының қатысуынсыз Мерчантпен және/немесе Эмитентпен туындаған келіспеушіліктерді өз бетінше реттейді.
- Өкімдерді беру кезінде Төлем құралындағы ақша қаражатының жеткіліктілігін өз бетінше бақылауға;
- Ақы қабылдау туралы сұратуда көрсетілген Ақы төлеу параметрлерінің дұрыстығы үшін жауапкершілік атқаруға;
- Төлем ұйымының Офертаның 7.2.3-тармақшасына сәйкес Офертаға енгізген өзгерістерін өз бетінше қадағалауға міндетті.
- Төлеуші өзі жүргізетін операциялар екінші деңгейдегі банктерден есептік нөмір алу талап етілетін валюталық шартты орындаумен байланысты емес, террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландырумен және терроризмге немесе экстремизмге өзге де жәрдемдесумен байланысты емес екенін растайды.
- Төлеуші Төлем ұйымының бірінші талабы бойынша Төлем ұйымы белгілеген мерзімдерде Төлем ұйымының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындауы үшін қажетті құжаттама мен ақпаратты беруге немесе беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
- Төлеуші өзі жүргізген операциялар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының құқық қорғау және/немесе уәкілетті органдарына беруге келісімін білдіреді.
-
Төлеуші:
- Офертаның 2.3-тармағында белгіленген тәртіппен Төлем ұйымымен шарт жасасуға құқылы, осы әрекетімен Төлеушінің әрекет қабілеттілігінің шектелмегеніне, қорғаншылықта, қамқоршылықта, сондай-ақ патронатта тұрмағанын, денсаулық жағдайы бойынша өз құқықтарын дербес жүзеге асыра алатынын және қорғай алатынын және міндеттерін орындай алатынын, жасалатын Шарттың мағынасын және оны жасасу мән-жайларын ұғынуға кедергі келтіретін аурулармен ауырмайтынын растайды.
- Төлем ұйымы өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Төлеуші Шартты бұзу туралы хабарламаға бұзушылықтар мен келтірілген залалды растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беруге міндетті.
- Шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді жасауға құқылы.
- Төлем ұйымы:
-
Тараптардың жауапкершілігі
- Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.
- Төлеуші:
- көрсетілген Ақы төлеу параметрлерінің дұрыстығы үшін, оның ішінде пайдасына Ақы төленетін Мерчант туралы ақпараттың және Төлеушінің қандай ақпарат беруге тиіс екеніне (пайдаланылатын Төлем құралының түріне, Мерчанттың түріне және т.б.) байланысты басқа да деректемелердің дұрыстығы үшін; дұрыс емес ақпарат көрсетілген кезде Төлем ұйымы Ақы төленбегені немесе Қызмет көрсетпегені немесе тиісінше көрсетпегені үшін, оның ішінде пайдасына Ақы төленетін Мерчанттың алдында Төлеушінің өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ Ақы төлемеуге немесе тиісінше төлемеуге байланысты Төлеушіде туындаған кез келген залал үшін жауапкершілік атқармайды;
- үшінші тұлғаларға Төлем құралының деректемелері туралы ақпарат бергені үшін (бар болса), үшінші тұлғалардың Төлем құралына қол жеткізгені үшін, үшінші тұлғаларға Төлем парақшасындағы іс-әрекеттер туралы ақпарат бергені үшін;
- Жария офертаның 7.3.6.-7.3.8-тармақтарында көзделген жағдайларда; жеке жауапкершілік атқарады.
- Төлеуші Шарт жасасу және Жүйе арқылы Төлем құралын пайдалана отырып Ақы төлеуді жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерді орындау нәтижесінде немесе Төлеушінің Офертада белгіленген Қызмет көрсету талаптарымен және/немесе Офертаға енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныспауына және/немесе уақтылы таныспауына байланысты туындаған кез келген залалдардың немесе өзге де жағымсыз салдарлардың тәуекелдерін өзі көтереді. Төлем ұйымы Төлеушінің Қызмет көрсету талаптарымен таныспауы және/немесе уақтылы таныспауы салдарынан Төлеушіде туындаған кез келген залал үшін жауапкершілік атқармайды.
- Төлем ұйымы жүзеге асырылатын Ақы төлеу кезінде ақпараттың сақталуына жауапкершілік атқарады. Ақы төлеу туралы мәліметтерді Төлем ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.
- Төлем ұйымы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау:
- Төлем ұйымы үшін Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермейтін Қазақстан Республикасының заң шығарушы және/немесе атқарушы өкімет органдарының шешімдерінен;
- Төлем ұйымының бақылау саласынан тыс себептермен, оның ішінде Төлем ұйымы Төлеушіні, Эмитентті, Серіктес банкті, Мерчантты және Есеп айырысудың өзге де қатысушыларын қоса алғанда, үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері үшін жауапты болмайды;
- Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауынан пайда болса;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда;
- Жария офертаның 7.27-тармағында көзделген жағдайларда, жауапкершілік атқармайды.
- Төлем ұйымы:
- Жүйенің Сайтын пайдалану салдарынан Төлеушіде туындаған тікелей немесе жанама залал үшін;
- Жүйенің және/немесе Жүйенің Сайтының жұмысындағы, Ақы төлеудегі үзілістер үшін, оның ішінде бағдарламалық жасақтамада, байланыста іркілістер болған немесе Төлем ұйымына тиесілі емес жабдық сынған жағдайда Эмитенттің Өкімді орындамағаны немесе орындаудан бас тартқаны үшін;
- Егер Төлем ұйымының кінәсінсіз үшінші тұлғалар Төлеушінің Құрылғысын пайдалануға қолжетімділік алса, осыған байланысты Жүйе арқылы Электрондық құжаттар жасалып, берілсе, бұл кейіннен Төлеушіге материалдық залал келтіруге әкеп соқса;
- Жабдықты, бағдарламалық жасақтаманы ауыстыруға немесе Жүйенің бағдарламалық жасақтамасының жұмыс қабілеттілігін сақтау және жаңарту қажеттілігінен туындаған басқа да жұмыстарды жүргізуге байланысты Жүйенің және/немесе Жүйе Сайтының жұмысындағы толық немесе ішінара үзілістер үшін;
- Ақы төлеудегі кідіріс үшін, егер мұндай кідіріс Эмитенттің және/немесе Серіктес банктің Төлеушінің алдында Ақы төлеу бойынша есеп айырысу бойынша өз міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаса;
- осындай даулар мен келіспеушіліктер Шарттың мәніне кірмейтін барлық жағдайда Төлеуші мен Эмитент, Төлеуші мен Мерчант арасында туындаған даулар мен келіспеушіліктер бойынша жауапкершілік атқармайды.
- Төлем қызметін көрсетуден негізсіз бас тартылған жағдайда, Офертаның 9-бөліміне сәйкес шағым бойынша оң шешім қабылданса, Төлем ұйымы төлем сомасының 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттенеді.
- Төлеуші Төлем ұйымының үшінші тұлғалар қамтамасыз ететін, беретін немесе қызмет көрсететін және істен шығуы салдарынан Ақпараттық алмасу жүргізуге мүмкіндік болмайтын электр энергиясын беру жүйелеріне және/немесе байланыс желілеріне немесе жүйелеріне байланысты авариялар, электр желілеріне қызмет көрсетудегі іркілістер және өзге де жаңылысулар үшін жауапкершілік атқармайтынына келіседі.
- Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл орындамау Шарт жасалғаннан кейін Тарап (Тараптар) ақылға қонымды шаралармен алдын ала болжай алмаған, сол сияқты алдын ала алмаған төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде туындаған еңсерілмейтін күш жайларының (форс-мажор) салдарынан болса, жауапкершіліктен босатылады. Төтенше сипаттағы мұндай жайларға мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей: сұрапыл апаттар, авариялар, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, өрт, жаппай тәртіпсіздік, ереуіл, революциялар, әскери іс-қимылдар, Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне, мән-жайларға тікелей немесе жанама тыйым салатын заң актілерінің, үкіметтік қаулылар мен мемлекеттік органдардың өкімдерінің күшіне енуі, Жүйенің істен шығуына/жаңылысуына байланысты, сондай-ақ міндеттемелердің орындалуына кедергі келтіретін Тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс кез келген басқа жағдайлар.
-
Дауларды шешу тәртібі
- Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер арқылы өзара қолайлы негізде шешу үшін барлық шараларды қабылдайды.
- Егер Офертада өзгеше көзделмесе, Төлем ұйымы Офертаның 12-бөлімінде көрсетілген деректемелер бойынша Төлеушінің талаптарын жазбаша нысанда қабылдайды.
- Төлеушінің шағымында мынадай мәліметтер қамтылуы керек:
- шағым келтірілген мән-жайлардың туындаған күні мен уақыты;
- осы мән-жайлардың туындау жағдайлары;
- Төлеушінің талаптарының мазмұны;
- мәлімделген шағым бойынша дәлелді жауап жіберу үшін Төлеушінің деректемелері;
- өтініште көрсетілген мобильді телефон нөмірі/электрондық пошта мекенжайы.
-
Төлем ұйымына жіберілетін барлық шағымдарға шағымда көрсетілген фактілерді растайтын құжаттардың тиісті түрде ресімделген көшірмелері, сондай-ақ мына құжаттар қоса берілуге тиіс:
- Төлеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариатта расталған көшірмесі;
- Ақы төлеуді растайтын құжат (Түбіртек);
- ұялы байланыс операторымен жасалған және Төлеушіге Жүйеде тіркелу кезінде Төлеуші көрсеткен абоненттік нөмірді пайдалану құқығын беретін ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың нотариатта куәландырылған көшірмесі және т.б. қосымша сұратылуы мүмкін.
- Төлем ұйымы Төлеушінің шағымын ол Төлем ұйымына келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды, содан кейін шағымда көрсетілген Төлеушінің деректемелері бойынша дәлелді жауапты жазбаша нысанда жібереді.
-
Шарттың қолданылу мерзімі
- Шарт Офертаның 2.3-тармағына сәйкес Төлеуші Офертаны акцептеген күннен бастап жасалған болып саналады және Төлем ұйымы Шартта көзделген Қызметтерді көрсету бойынша өз міндеттемелерін орындаған сәтке дейін қолданылады.
- Шарттың қолданысын тоқтату Тараптардың Шарттың қолданысы тоқтатылған сәтке дейін туындаған міндеттемелерін тоқтатпайды.
- Оферта Төлем ұйымы оны ресми түрде кері қайтарып алғанға дейін жарамды. Төлем ұйымы Офертаны кез келген уақытта қайтарып алуы мүмкін. Төлем ұйымы Офертаны қайтарып алу туралы ақпаратты Офертаның 7.2.3-тармақшасында белгіленген тәртіппен Жүйенің Сайтына орналастыру арқылы Төлеушіге Офертаны қайтарып алу туралы хабарлайды
-
Басқа талаптар
- Офертада тікелей көзделмеген барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін және іскерлік әдет-ғұрыптарды басшылыққа алады.
- Төлеуші Жүйе арқылы жүргізілген Ақы туралы ақпаратты ұсынуға жүгінген кезде, сондай-ақ басқа жағдайларда Төлем ұйымы төмендегі деректер бойынша Төлеушіге қосымша сәйкестендіру жүргізеді:
- сұратуда көрсетілген мобильді телефон нөмірі және/немесе электрондық пошта мекенжайы;
- ақының және/немесе Түбіртектің нөмірі;
- Мерчанттый сайтындағы жеке кабинетке кіруге арналған логин (бар болса);
- Төлем ұйымының қалауы бойынша өзге деректер.
- Оферта талаптары бойынша Шарт жасаса отырып, Төлеуші өз еркімен және мүддесін ескере отырып, Төлем ұйымымен Шарт жасасу, жасалған Шартты орындау мақсатында, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында, Төлем ұйымының, сондай-ақ Төлем ұйымының серіктестері мен Серіктес банктердің өзінің жеке деректерін өңдеуіне, соның ішінде атап айтқанда, келесі әрекеттерді орындауына: Төлеушінің дербес деректеріне қатысты кез келген ақпаратты жинауына, жүйелеуіне, жинақтауына, сақтауына, нақтылауына (жаңартуына, өзгертуіне), пайдалануына, таратуына (оның ішінде беруіне, трансшекаралық беруіне), иесіздендіруіне, бұғаттауына және жоюына келісімін береді. Бұл әрекеттер автоматтандыру құралдары арқылы орындалуы мүмкін. Төлеуші сондай-ақ Офертаның осы тармағында көзделген әрекеттерді орындау мақсатында Төлем ұйымының өзінің дербес деректерін үшінші тұлғаларға Төлем ұйымы мен осында үшінші тұлға арасында тиісті түрде жасалған шарттар болған жағдайда, беруге келісімін береді. Төлем ұйымы Төлеушінің дербес деректерін өңдеген кезде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының (өзгерістері мен толықтырулары ескерілгенде), сондай-ақ оны орындау үшін шығарылған нормативтік құжаттардың талаптарын толық көлемде сақтауға міндеттенеді.
-
Төлем ұйымының атауы, мекенжайы және банктік деректемелері
Атауы «OneVision» ЖШС Заңды мекенжайы 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 280-ғимарат Нақты мекенжайы 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 280-ғимарат ЭҚЖЖ 6.3.1.2. БСН 210240024671 ЖСК KZ23914002203KZ00F7C Банктің атауы «Сбербанк» АҚ ЕБ БСК SABRKZKA Бас директор Алагузов Б.Р.